Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды
Теміржол билетінің құны 7%-ға қымбаттайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша теміржол билетінің құны 7%-ға артады.
Компания бағаны өсіру туралы шешімін жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығымен түсіндірді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған екен. Аталмыш вагондар Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының құрамында.
Сондай-ақ осы жылдың І тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіліп, Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының құрамында болмақ.