11.01.2021, 13:12
Жаңалықтар
Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды
Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берді
көрнекі фото
Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берген.
Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:
- Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
- Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
- Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
- Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
- Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
- Вакиль Набиев - күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
- Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
- Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
- Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.
Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға - 270, Ілияс Буларовқа - 274, Наталья Деменьтевке - 292, Вакиль Набиевке - 285, Юрий Лиге - 282, Шамиль Осинге - 271, Владимир Тохтасуновқа - 277, Абилфас Хамедовке - 290 бюллетень берілген.
Көп оқылған
15.04.2026, 10:46
Қазақстанда алдағы күндері -18 градус болып, қар аралас жаңбыр жауады – ауа райы болжамы
15.04.2026, 15:40
«Башпайдың» иесі бес күнге қамалды: Өскемен тұрғындары тегін аяқ киім үшін бір-бірін таптап кеткен (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.04.2026, 14:56
Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады – Ақорда