Сайлау кемшіліксіз өтті – шетелдік бақылаушы

Баир Жамсуев елімізде өткен сайлауға қатысты пікір білдірді

Сайлау кемшіліксіз өтті – шетелдік бақылаушы
Фото: ашық дереккөзден

РФ Федералдық Федерация Жиыны Кеңесі Комитеті Төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ бақылаушылар миссиясының мүшесі Баир Жамсуев Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Шетелдік бақылаушы дауыс беру науқаны барлық талаптарға сай өткенін хабарлады.

«Барлық саяси паритялар штабының өкілдерімен кездестік. Сайлауалды үгіт-насихат компаниясына мемлекеттік билік органдары тарапынан араласу болғандығы жайында, сайлау комиссиясының жұмысына қатысты бір де бір шағым естіген жоқпыз. Біз жұмысымызды ешқандай шағым, тәртіп бұзушылықсыз қортындылап отырмыз. Сондықтан біздің миссия дауыс беру науқаны оның халықаралық нормалар мен Қазақстанның сайлау туралы заңнамасының шеңберінде жоғары деңгейде өткенін бағалады», - деді РФ Федералдық Федерация Жиыны Кеңесі Комитеті Төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ бақылаушылар миссиясының мүшесі Баир Жамсуев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.