$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2021, 12:07
Жаңалықтар

Сайлауда бірде-бір заңбұзушылық болмады – ҰҚШҰ миссиясы

Умахан Умаханов Қазақстанда өткен сайлауға қатысты өз бағасын берді 

Сайлауда бірде-бір заңбұзушылық болмады – ҰҚШҰ миссиясы
Фото: ашық дереккөзден

РФ Мемлекеттік думасы ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан байқаушылар миссиясының мүшесі Умахан Умаханов күні кеше ғана елімізде өткен сайлауға өз бағасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз кеше 49 сайлау учаскесінде болдық. Бірде-бір заң бұзушылық болмады. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қазақстандық тарап қорғаныс құралдары, қолғаптар мен маскалар таратып, оларды антисептикалық құралдармен өңдеді. Біз осындйа қиын кезеңде Қазақстандағы сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрдік және басқа елдер де қазақстандық тәжірибені қолданады деп ойлаймын», - деді Умахан Умаханов.

Еске салсақ, кеше Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері бойынша, ең көп дауысты «Nur Otan» партиясы иеленді.

Серіктес жаңалықтары