Халықтың саяси сауаттылығы артқаны байқалады – байқаушы

Қызылордада сайлау кезінде карантин талаптары қатаң сақталған

Халықтың саяси сауаттылығы артқаны байқалады – байқаушы

Қызылорда қаласындағы №211 сайлау учаскесінде «Nur Otan» партиясы атынан байқаушы болған Марал Қосанова бұл жолы сайлауға келуші халықтың белсенділігі мен саяси сауатының артқанын байқадым дейді.

Azattyq Rýhy тілшісімен телефон арқылы тілдескен байқаушы №211 cайлау учаскесіне таңнан бері 500-ден аса дауыс беруші келгенін айтты.

«Биылғы сайлаушылардың белсенділіктері жоғары, дауыс берушілердің партиялар жөнінде хабардар болып, бағдарламаларымен танысқаны көрініп тұр. Халықтың саяси сауаттылығы артқан. Карантинге байланысты орын алып жатқан санитарлық норма талаптарына да түсіністік танытып жатыр. Бақылаушылар да өз кезегінде сайлаушылармен жылы қарым-қатынас орнаттық. Дауыс беру уақытында бақылаушылар мен тұрғындар тарапынан ешқандай шағымдар болмады. Сайлауға түсіп жатқан 5 партияның атынан да бақылаушылар қатысты», - деді Марал Қосанова.

Байқаушы мәліметінше, №211 сайлау учаскесінен 11 адам үйде дауыс берген.

«Сайлаушыларға барлық жағдай жасалды. №211 cайлау учаскесінде тізімнен белгілі бір себептермен табылмаған жағдайда Egov.kz порталы арқылы мекен-жайы бойынша қай сайлау учаскесінен дауыс беретіні нақтыланып, сілтеме жасалды. Кешкі 20:00-ге дейін жұмыс қалыпты түрде жүреді деп ойлаймын. Біздің учаскіден 11 адам үйден дауыс берді. Сайлаушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында мектеп ғимаратында әжелер концерті, ыстық бауырсақ пати ұйымдастырылды», - деді өңірге «Nur Otan» партиясы атынан барған байқаушы.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.