ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Еуропарламент депутаты Қазақстандағы сайлауға бағасын берді

Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Тьерри Мариани, Еуропарламент депутаты

Еуропа Парламентінің депутаты Тьерри Мариани ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда сайлаушылар еркін таңдау жасай алатынын айтты.

«30 жыл бұрынғы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Мен бұл елге өте жиі келемін. Қазақстанның дамуына шексіз үлес қосқан Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның демократиялық даму жолы сол кезден бастау алған десе де болады. Себебі, Қазақстан тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізді. Бүгінгі сайлаудың өтуі де бұл елдегі азаматтардың еркін таңдау жасай алатындығының көрсеткіші. Мен көрші елдермен салыстырғанда осыны байқадым», - деді ол.

Италия депутаттар палатасының депутаты Андреа Дельмастро пандемияға қарамастан сайлаушылардың белсенді дауыс беріп жатқанын атап өтті.

«Қазақстанға алғаш келуім. Сайлаудағы электронды дауыс берудің жоғары деңгейін байқадым. Пандемияға қарамастан азаматтардың белсенділігі жақсы және сайлау учаскелерінде тазалық талаптары сақталғанын көрдім. Қазақтар итальяндықтар сияқты ашық-жарқын келеді екен. Қазақстан демократиялық дамудың өзіндік жолын салып келеді деген ойдамын» - деді ол.