Сайлау күні Түркістан облысында 102 сәби дүниеге келді
Тәулік соңына дейін бұл көрсеткіш тағы өсуі мүмкін
Бүгін Түркістан облысында 102 сәби дүниеге келіп, рекорд орнады. Олардың жартысынан астамы, яғни 57-сі қыз бала. Бұл жөнінде облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлайды. Мамандардың айтуынша, бұл бұрын-соңды өңірде бір күн ішінде мұндай көрсеткіш тіркелмеген. Тәулік соңына дейін жаңа туған сәбилердің қатары тағы өсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлау күні облыста дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер - Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт екен.
Сайлауға Түркістан облысының перзентханаларында жатқан үш жүзден астам жүкті және босанған әйел қатысқан.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 100 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл - республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Әдетте өңірде бір тәулік ішінде шамамен 50-60 нәресте туылады.