Сайлаушылардың 44 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді
Елімізде бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды
Еліміз бойынша тізімге енген сайлаушылардың 44 пайызға жуығы дауыс берді. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде сайлау учаскелеріне дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың 43,9 пайызы келді.
14.00-ге дейін өңірлердегі дауыс беруге келген ел азаматтарының пайыздық үлесі төмендегідей:
- Ақмола облысы бойынша – 41,3%
- Ақтөбе облысы бойынша – 41,1%
- Алматы облысы бойынша – 43,0%
- Атырау облысы бойынша – 37,3 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 47,5%
- Жамбыл облысы бойынша – 55,1%
- Қарағанды облысы бойынша – 51,6%
- Қостанай облысы бойынша – 49,9%
- Қызылорда облысы бойынша – 48,7%
- Маңғыстау облысы бойынша – 36,0%
- Павлодар облысы бойынша – 51,1%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,2%
- Түркістан облысы бойынша – 46,6%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,8%
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,0%
- Алматы қаласы бойынша – 21,9%
- Шымкент қаласы бойынша – 44,5%
Сайлау учаскесіне қанша дауыс беруші келгені туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де, 18:00-де және 20:00-де ұсынылады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар қатысты алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22:00-де ұсынылады.