ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан пандемия жағдайында сайлауға өте жақсы дайындалған — халықаралық бақылаушы

Халықаралық бақылаушы таңнан бері Алматыдағы 5 сайлау учаскесінде болды

Мортен Мидтског, халықаралық бақылаушы

Норвегиядан келген халықаралық бақылаушы Мортен Мидтског Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастырылуын жоғары бағалады. 

«Мен үшін Қазақстандағы сайлауды бақылау қызық болды. Жалпы айтқанда, барлығы өте ұқсас. Қазақстан өте жақсы дайындалған және Қазақстан мен Норвегиядағы сайлау арасында аса айырмашылық жоқ», - деп атап өтті халықаралық бақылаушы.

Осы орайда М. Мидтског Қазақстандағы сайлау учаскелеріндегі санитарлық нормалардың сақталуына мән берді.

«Менің ойымша, Қазақстан пандемия жағдайында сайлауға өте жақсы дайындалған, тіпті Норвегиядан да жақсы ма деймін. Барлығы жоғары деңгейде өткізіліп жатыр, санитарлық шаралар жақсы сақталған. Сіздерде қоғамдық арақашықтықтың сақталуына аса мән берілген, санитайзерлер орнатылып, барлық сайлаушы маска киген екен. Мұның барлығы дұрыс. Осының барлығы сайлаушыларға ыңғайлы жағдай туғызу үшін жасалған деп ойлаймын. Яғни, сайлаушылардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған», - деді ол.

Халықаралық бақылаушы таңнан бері Алматы қаласындағы 5 сайлау учаскесінде болды.

«Барлық орындар бір стандартты пайдаланған екен және барлық қажетті құрылғылар орнатылыпты. Бұл жағдайды өз көзіммен көргенім үшін өте қуаныштымын», - деп бақылаушы сөзін түйіндеді.