Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды
Қазіргі таңда 277 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 10 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпаратта өткен тәулікте барлығы 5 адамның көз жұмғанын жариялады.
10 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 138 адам короновирус инфекциясынан (11 243 КВИ+ және 11 895 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 530 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 277 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сүйенсек, 8 қаңтар күнгі мәлімет бойынша 105 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 164 адам жазылып шыққан.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 46 323 адамға жетті. Барлығы 524 өлім жағдайы тіркелді. Сонымен қатар 33 904 адам сауығып шықты.