ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

TAZA SAILAU: тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскелеріне сыймай қалған

Сондай-ақ, тағы біразы санитарлық талаптарға сай кіргізілмеген

Тәуелсіз бақылаушылар сайлау участкелеріне кіре алмай жатыр. Ал, кейбір сайлау орталықтары санитарлық нормаларға сай болмай шыққан. «TAZA SAILAU» тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының ақпаратынша, келеңсіздіктер Өскеменде, Жезқазған және Нұр-Сұлтан қалаларында анықталған. Екі ай бұрын құрылған «TAZA SAILAU» тәуелсіз ұйымы сайлаудың әділ өтуін бақылауға 5 мың адамды дайындаған. Олар бүгін өтіп жатқан ҚР Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауын бақылауы тиіс.

«Түрлі ұйымдардың атынан қатысатын бақылаушылар көп, ал олардың бәрін қабылдауға сайлау участкелері тарлық етуде. Мәселен, Өскемен қаласында 30 бақылаушы сайлауды бақылауға уақытылы жіберілмеді. Күннің суығына қарамастан олар тек түстен кейін ғана сайлауды қадағалай алады. Жезқазған қаласындағы 28 бақылаушымыздың 19-ы ғана саяси тартыстың қалай өтіп жатқанын  бақылап отыр. Санитарлық талап бойынша орын жетіспегендіктен өзгелері сайлауды бақылай алмайды. Өзге адамның атынан дауыс беру, бюллетендерді артығымен салу сынды заң бұзушылықтар тіркелмеді. Бұндай жағдайларды білсек бірден Бас прокуратруаға мәлімдейміз», - деді қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин.

Қоғамдық ұйым екі айдың ішінде 5 мың бақылаушыны дайындаған.

«TAZA SAILAU» тәуелсіз бақылаушылар желісі қазіргі уақытта 25 ірі қалада ұсынылған. Бұл қалалардағы 3 168 сайлау учаскесіне 2815 адам тартылған. Басқа орындарға бұл ұйымның бақылаушылары карантиндік шараларға байланысты жіберілмеген. 

«Біздің ең маңызды жұмысымыз – арандатуға жол бермей, заң үстемдігін қамтамасыз етуге күш салып, яғни түптеп келгенде, елдің бірлігі мен берекесіне қызмет ету. Сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысына кедергі болмай, байқап-бақылау, қатесі болса айту – біздің басты міндетіміз», - деді саясаттанушы Эдуард Полетаев.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау участкелерін бақылап жүрміз. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Бірақ, бюллетендерді  аларда адамдардың топтасуы байқалады. Сонымен қатар, сырт киімдерін шешпей дауыс бергендіктен, ол адамның қанша бюллетенді салғаны да анық байқалмайды, күдік ұялатады. Бұндай қателіктерді біз бірден сол жердегі сайлау учаскелерінің жетекшілеріне ескертіп жатырмыз», - деді журналист Мақат Садық.

Еске салсақ, бүгін  «Nur Otan», «Ақ жол», «Adal» (бұрын партия «Бірлік» деп аталған), «Ауыл», «Қазақстанның Халық партиясының» (бұрын - Коммунистік Халық партиясы) партиялары арасында саяси тартыс өтіп жатыр. Паралмент Мәжілісіне барлығы 312 үміткер тіркелген. Олардың 90-ы әйелдер. Үміткерлердің орташа жасы – 46,7 жас.

Алматыда 146 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер бар. Мегаполистің экологиялық аухалы ауыр, қала қою түтіннен сейілген емес. Алматының әкімдігі экологиялық ахуалды жақсарту үшін жеке тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қаматмасыз етуді әлі толық аяқтай алмай келеді. Azattyq Rýhy ақпараттық порталының зерттеуінше, әліде мыңдаған үй көмір жағып, күл шығарады.