$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2021, 10:14
Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқандар қалай дауыс береді?

Мұндай сайлаушылар бюллетеньді еш байланыспай тасымалданатын жәшікке салады

Коронавирустан емделіп жатқандар қалай дауыс береді?

Үйде емделуіне немесе коронавирусқа қатысты карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс беру пәтерге кірмей ұйымдастырылуы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай дауыс беру байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізуге болады. Алайда дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен өңдеуі тиіс», - делінген ведомство хабарламасында.

Учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолын, тасымалданатын жәшік бетін дезинфекциялауы керек.

Жеке қорғаныш құралдарын қайта пайдалануға болмайды, көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары