ERG қаңтардан бастап қызметкерлерінің еңбекақысын өсірді

Компания бұл мақсатта биыл 17 млрд теңге жұмсамақ

ERG қаңтардан бастап қызметкерлерінің еңбекақысын өсірді
көрнекі фото: erg.kz

ERG компаниясының Қазақстандағы барлық кәсіпорындарындағы еңбекақы орта есеппен 10,4%-ға өсті. Компания бұл мақсатта биыл 17 млрд теңге (салықтарды қоса есептегенде жалпы сомасы 19,4 млрд теңге) жұмсамақ.

«2020 жыл ел экономикасы мен біздің компаниялар үшін де күрделі кезең болды. Соған қарамастан, біз қызметкерлеріміздің әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру қамындағы жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлер мен жалпы Қазақстандағы еңбек нарығын зерттедік. Мамандар тапшылығы мен жиі жұмыс ауыстыру себептерін талдадық. Бұдан бөлек, бірінші қажеттілік қатарына жататын тауарлар мен өнімдер бағасының қымбаттауын ескере отырып, біздің кәсіпорындарымыздағы қызметкерлердің еңбекақысын дифференциалды түрде ұлғайтатын болдық», - дейді ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Еңбекақы мөлшерін ұлғайтуда алдымен өндірістің дамуына тірек болар, еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыратын инженер-техникалық персоналға (технологтар, маркшейдерлер, геодезистер, геологтар мен өндірістік техникалық қызметтің өзге де қызметкерлеріне) басымдық беріліп отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.