$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 16:04
Жаңалықтар

ҚазҰУ басшылығының университетке тиесілі жерді жеке тұлғаға сатқаны рас па?

Университет өкілдері жер сатты деген айыптауға жауап берді

ҚазҰУ басшылығының университетке тиесілі жерді жеке тұлғаға сатқаны рас па?
фото: kaznu.kz

Жақында әлеуметтік желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы университеттің жер учаскелерін жеке тұлғаға сатты деген хабарлама тарады. Бүгін университеттің ресми сайтында жер мәселесіне қатысты ақпаратқа түсініктеме берілді.  

«Біріншіден: университет пен ҚазҰУ-дың лауазымды тұлғалары жер учаскесінің бір бөлігін үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару жөнінде келісім берген жоқ және де жер учаскесін басқа тәсілмен бөлуге қатысқан жоқ. Айта кетерлік жайт, барлық мүлік пен жер мемлекеттік актив болып табылады, сәйкесінше ЖОО-да оларды иелену, пайдалану және билік ету құқығы жоқ», - делінген жауапта.

Екіншіден: Жер кодексінің 43, 44-1 және 48-баптары, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 4-бабының 1-тармағы мемлекеттік мүлікті, оның ішінде жер учаскелерін басқару, беру/сату саласындағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Жоғарыда аталған заңдардың баптарында шешімдер қабылдау тәртібі заңнамалық түрде айқындалған, сондай-ақ мемлекетке тиесілі мүлік пен жерге қатысты кез келген жеке-дара шешім қабылдау тәртібі алынып тасталған. Демек, университет басшылығы өз қалауы бойынша мемлекеттік мүлік пен жерді беруді жеке-дара жүзеге асыра алмайды.

Үшіншіден: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы 2017 жылы жер учаскелерін иеліктен шығару жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлемеген, бекітпеген және оған ешбір түрде қатыспағаны туралы хабарлаймыз.

«Әлеуметтік желілердегі ҚазҰУ басшылығының жер учаскелерін беруге қатысы бар деген жарияланымдар шындыққа сәйкес келмейді және оның беделін түсіруге бағытталған. Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына шаралар қабылдау туралы өтініш жолданды», - деп хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары