Қытай COVID-19 вирусының шығу тегін жасырын ұстауды жөн санайды

ДДСҰ сарапшыларына Қытайға келуге рұқсат берілмеді

Қытай COVID-19 вирусының шығу тегін жасырын ұстауды жөн санайды
Фото: ашық дереккөзден

Қытай ДДСҰ сарапшыларына COVID-19 шығу тегін анықтау үшін елге келуге рұқсат бермейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы қаңтар айында аспан асты еліне баруды жоспарлаған. Алайда, Қытай билігі елде COVID-19 шығу тегін анықтауды жоспарлаған ұйымға қажетті рұқсатты бермеді. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді.

«Бүгін біз Қытай шенеуніктері сарапшылар тобының Қытайға келуіне қажетті рұқсаттарды әлі рәсімдемегенін білдік. Мен Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктерімен байланысып, бұл миссия ДДСҰ-ға берілгенін тағы бір рет айттым», - деді Тедрос Адханом Гебрейюс.  

Ол бұған дейін ДДСҰ, ҚХР және сарапшылар тобы Уханьға баруы керек елдер арасында келісім болғанын еске салды.

COVID-19 шығу тегін анықтау үшін сарапшылар тобының құрамына Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Австралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Ресей және Дания өкілдері кірген еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.