ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

«Британдық» коронавирус штамы 41 елде анықталды

SARS-CoV-2 ең алғаш желтоқсанның ортасында Біріккен Корольдік аймағында шықты

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың «британдық» штамының таралып жатқанын айтты. Мутацияланған «британдық» штамм әлемнің 41 елінде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сонымен қатар, алты елде бастапқыда Оңтүстік Африкада анықталған мутация анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды. Вирустың жаңа нұсқасы, алдын-ала болжам бойынша, әдеттегіден 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін, бірақ өлім немесе ауруханаға жатқызу тұрғысынан қауіпті деп ештеңе айтылмады.

«Британдық» SARS-CoV-2 штаммы БАӘ, АҚШ, Франция, Жапония, Индонезия және басқа елдерде табылған. Қазақстанда бұл мутация табылған жоқ. Алайда, оның таралу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.