$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 10:04
Жаңалықтар

«Биыл христиандардың суға шомылу рәсімі өтпеуі де мүмкін» - Дін істері басқармасы

«Рождество Христово» мерекесі қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні болады

«Биыл христиандардың суға шомылу рәсімі өтпеуі де мүмкін» - Дін істері басқармасы

Биыл Алматыда христиандардың суға шомылу рәсімі өтпей қалуы да мүмкін. Православ қауымы үшін маңызды діни рәсімнің өтуі немесе өтпеуі әлі толық шешілген жоқ. Пандемияның таралуы күрделі болғандықтан Дін істері басқармасы қандай да бір шешімге келмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құдайға құлшылық» атты суға шомылу рәсімі биыл 18-19 қаңтарда өтеді. Адамдардың ең көп жиналатын уақыты 19 қаңтар. Діни құлшылық шіркеулерде өте береді. Алайда суға шомылу рәсімінің өтуі немесе өтпеуі пандемияға байланысты әлі белгісіз. Бұл туралы алдағы уақытта тағы да қаланың санитарлық өкілдерімен де, шіркеу қызметкерлерімен де ақылдасамыз. Былтыр қалада суға шомылатын 10 орын дайындалды. Оған шамамен он мыңдай адам келді», - деді  Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Бағдаулет Әбдіхамитов.   

Православтық сенімдегі христиандар үшін маңызды болып табылатын «Рождество Христово» мерекесі қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні өтеді. Діни құлшылық екі жарым сағаттың ішінде аяқталады. Алматы қаласында 24 православтық діни бірлестік тіркелсе, құлшылық 20 ғибадатханада өтеді. Мереке қарасаңында шамамен 20 мыңға жуық қала тұрғындары тұрақты түрде православтық шіркеулер мен храмдарға барады.

 «6 қаңтар күні кешкі сағат 23.00-де қала аумағындағы 20 православтық шіркеуде 2-2,5 сағатқа жалғасатын рождестволық құлшылық басталады. Қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 9 қарашадағы қаулысына сәйкес, діни ғибадатханалардағы құлшылықтарды бірқатар шектеулер мен талаптарды сақтай отырып қана өткізуге рұқсат етілген. Қала аумағындағы православтық шіркеулер мен храмдарда құлшылық кезінде әкімдіктердің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жаңдай және полиция қызметкерлері, сондай медициналық мекемелердің қызметкерлері кезекшілік жұмыстарын жүргізеді», - деді Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарманың өкілдері.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары