$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2021, 12:07
Жаңалықтар

Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

4 қаңтарда елімізге анықтамасыз 162 ҚР азаматы келген 

Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.  

815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.  

Оның ішінде: 

  • Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135; 
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.   

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.  

2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул –  Алматы рейсімен келген.  
 

Серіктес жаңалықтары