05.01.2021, 11:03
Жаңалықтар
Ақтаулық оқушы «Жыл меценаты» атанды
Казнет қолданушыларының жүрегін елжіреткен кішкентай қызға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды
Мұқтаж жанға қол ұшын созған ақтаулық оқушы Сәбина Кеңесбаеваны «Қызық LIVE» бағдарламасы «Жыл меценаты» деп атады. Бұл туралы Лада.кз жазды.
Еске салсақ, 2020 жылы ақпанда әлеуметтік желіде көшедегі мұқтаж адамға соңғы тиынын санап берген кішкентай қыздың видеосы тараған еді.
Кейіннен анықталғандай Сәбина екінші сынып оқушысы болып шықты.
Жоғарыда аталғандай, «Қызық LIVE» бағдарламасы оқушы қызды «Жыл меценаты» деп атап, оған 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстаған.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды