$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2019, 12:36
Жаңалықтар

Биылғы 10 айда өндірісте 1069 адам зардап шегіп, 129 адам қайтыс болды

Өндірістік жарақаттанудың өсуі Ақмола, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады

Биылғы 10 айда өндірісте 1069 адам зардап шегіп, 129 адам қайтыс болды
Фото: Baq.kz

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қостанай қаласына жұмыс сапары аясында өткен әлеуметтік-еңбек қатынастарын және әлеуметтік серіктестікті реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында еңбек қатынастары туралы айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

Министр еңбек қатынастарын реттеудегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленгенін айтты. Оның айтуынша, 2019 жылғы 10 айда өндірісте 1069 адам зардап шегіп, оның ішінде 129 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% және 23% төмен болғанымен, тау-кен металлургия кәсіпорындарында – 16,2% және құрылыс саласында – 12,8% жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталуда. Өндірістік жарақаттанудың өсуі Ақмола, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

Еңбекті қорғау саласында неғұрлым жиі жол берілетін бұзушылықтар: қызметкерлерді оқыту мен нұсқама жүргізбеу – 13,6% (243), қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу – 11,9% (214), жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу – 9,7% (174) болып табылады. Оқиға түрлері бойынша көптеген жазатайым оқиғалар: зардап шегушінің биіктіктен құлауы (191 немесе 20,2%), қозғалып келе жатқан, айналмалы заттардың әсері (119 немесе 12,6%), қирау, опырылу, заттардың құлауы (105 немесе 11,1%) және т.б. салдарынан болған.

«Еңбек инспекторларының талабы бойынша қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп-қатерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп табылған 47 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. 11 құрал-жабдықтың, 2 өндірістік нысанның және 7 ұйымның жұмысына тыйым салынды. 820 іс құқық қорғау органдарына беріліп, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды», - деді Біржан Нұрымбетов.

Серіктес жаңалықтары