$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2019, 11:54
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында заңсыз қоқыс тасталған 200-ге жуық орын анықталды

Қазір тәулігіне жиырма тоннадай тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға тасымалданып жатыр

Маңғыстау облысында заңсыз қоқыс тасталған 200-ге жуық орын анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында заңсыз қоқыс тасталған 194 орын анықталды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда жерсерік көмегімен өңір аумағы суретке түсірілген еді. Нәтижесінде Ақтау мен оған іргелес Мұнайлыда 90-ға жуық, ал Түпқараған ауданында 26 жабайы қоқыс алаңы табылып отыр. Оларды тез арада жою үшін аймақ әкімдігі жұмысшылар мен арнайы техника бөлді. Қазір тәулігіне жиырма тоннадай тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға тасымалданып жатыр. 194 қоқыс алаңының 80-ге жуығы Ақтаудың іргесіндегі өндірістік аймақта анықталды. 

Мамандар тұрмыстық қатты қалдықтардың негізінен құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік нысандардан шығатынын айтып отыр. Коммуналдық кәсіпорынға ақшасын қимайтындар тау-төбе қоқысын өз күшімен тасығанды тиімді көреді. Алысқа ұзамай елді мекен шетіндегі қараусыз жатқан жерлерге апарып төге салады. Енді оларды тазалаумен жергілікті өкілетті органдар айналысуда.  

«Департамент мамандары және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 194 нүктенің барлығын аралап, жүз пайыз белгілеп шықтық. Ендігі кезекте әкімдіктердің көмегімен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі нақтысы 50-ге жуық нүкте тазаланды. Бірер тәулікте Мұнайлы мен Түпқараған ауданында жиырмаға тарта, ал Ақтаудың іргесіндегі он орын күл мен қоқыстан тазаланды. Елді мекен маңында мұндай полигондардың пайда болуына жол берген әкімдік өкілдері жауапкершілікке тартылды. Былтыр бес, биыл үш лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған», деді облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Экологтар бір орында ең кемі ондаған мың тонна тұрмыстық қалдықтар жатқанын айтып, дабыл қағуда. Рұқсатсыз пайда болған қоқыс полигондарының басым көпшілігін облыс орталығы маңынан көруге болады. Күл-қоқыс жекеменшік жерде табылған жағдайда арнайы орынға тасу үшін кәсіпкерге он күннен бір айға дейін уақыт беріледі.

Серіктес жаңалықтары