$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 14:50
Жаңалықтар

Көкшетауда көмейдің қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол өзін жақсы сезіне бастаған

Көкшетауда көмейдің қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық орталығында көмейдің қатерлі ісігіне (рак) шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ота барысында торакальды бөлім дәрігерлері науқастың мойын тұсындағы көмейдің қатерлі ісігін алып тастады.

«Көптеген ісік адамның бас және мойын тұсында таралған аумақта ауыру кезінде пайда болады. Науқастан қазіргі уақытта аса кең таралған гортани қатерлі ісігі оның қалқанша безінің оң жақ бөлігінде ісіп обтурациялық тыныс алу жетіспеушілігіне әкеліп соққан», - дейді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Онкологиялық ауруханада емделген науқас осыған дейін түтікше арқылы тыныс алып келген. Бірақ аталған жағдай оған тек уақытша ғана көмектескен.

«Өйткені ауа өтетін кеңірдегі үнемі бітеліп, демалуына мүмкіндік бермейтін болған. Ал үй жағдайында түтікшемен демалуына күтім жасау аса күрделі. Алтрахеостмиялық жара саңылауды тарылта түседі», - дейді облыстық онкологиялық орталықтың дәрігерлері.

Дәрігерлер гортани қатерлі ісігін алып тастау туралы шешім қабылдаған. Кеңейтілген ота облыста алғаш рет өткізілген. Осыған дейін түрлі деңгейде гортани ісігі пайда болған науқастар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы онкологиялық орталықтарға жіберілген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы жылдан бастап бас және мойын ісіктері, сондай-ақ көмейді алып тастау бойынша ота жасау тәжірибеге еніп келеді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол өзін жақсы сезіне бастаған.

«Енді облыс орталығында да аса күрделі қатерлі ісікті сылып алатын оталар жасала бермек. Ота жасауға арналған барлық мүмкіндіктер толықтай қарастырылған», - деп хабарлайды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

 
Серіктес жаңалықтары