$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 18:25
Жаңалықтар

Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі алаяқтық үшін сотталды

Күдеров мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды

Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі алаяқтық үшін сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне ілінді», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеров 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша).

Күдеров мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары