Атырауда біреуі 14 млн теңгеге салынған жылы аялдамалар дұрыс жұмыс істемей тұр

Қалада мұндай 19 аялдама бар

Атырауда біреуі 14 млн теңгеге салынған жылы аялдамалар дұрыс жұмыс істемей тұр
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда әрқайсысы 14 млн 300 мың теңге тұратын жылы аялдамалар салынған. Жергілікті тұрғындар аялдамалар кешкі сағат 9-да жабылып қалатындықтан, олардың қызығын көре алмай жүргенін атты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Күн суық екенін көріп тұрсыз. Аялдамаға кірейік десек, есігі кілттеулі. Ашатын тұтқасы да жоқ. Қайда барамыз енді. Осындай уақытта аялдама ашық тұрғаны жақсы еді. Кірген күннің өзінде кейбір жерлер лас болады. Қаншама миллиардтаған ақша кетті осы аялдамаға», - дейді қала тұрғыны Рашида Камиева.

Ал Атырау қалалық тұрғын коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағандықов қала тұрғындары аялдамаларды ластап кететіндіктен, сондай шешім қабылдауға тура келген. Қаладағы мұндай 19 жылы аялдаманың жетеуі мемлекет меншігіне қабылданған. Олардың өзі жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Кәсіпкерлер жарнама арқылы пайда табады деген сенім бар. Алайда оның тетіктері әлі күнге реттелмеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.