24.12.2020, 23:29
Жаңалықтар
Петропавлда мектептен шығып, адасып кеткен 2 бала табылды
Олар 6 және 7 жаста
Фото: ашық дереккөзден
Петропавлда мектептен шығып, адасып кеткен екі бала табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Петропавл қаласының тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, екі ұлының жоғалғанын айтқан. 6 және 7 жастағы екі бүлдіршін анасының келуін күтпей, мектептен шығып кеткен. Жоғалған балаларды іздеуге полицейлерден басқа оқушылардың мұғалімі де аттанды. Көп ұзамай бүлдіршіндер жеке сектордан табылды», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы