$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2020, 11:30
Жаңалықтар

Nur Otan: Маңғыстау облысында бес жылда 4 музей салынады

Партия өкілдері өңірде үгіт-наисхат жұмыстарын жүргізіп жатыр

Nur Otan: Маңғыстау облысында бес жылда 4 музей салынады

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Наурызбек Мағдатов Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы мекеме қызметкерлерімен кездесті. Ол Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, аталған құжаттың партиялықтар қолға алған реформалардың заңды жалғасы екенін мәлімдеді.

«Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы», - деді ол.

Сайлауалды бағдарламада «Тарих пен мәдениетті дамыту» атты басым бағыт бар. Бұл бағыт Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, өлкенің тарихи-мәдени мұраларын сақтауға және өнер салалаларын дамытуға негізделген.

Бағдарлама аясында облыс деңгейінде 4 музей, 7 кітапхана, 5 ауылдық клуб салынады. Жаңаөзен қаласының жоғары сынып оқушылары мен жастары үшін даму секциялары бар орталық құрылып, өлкетану экспедициялары ұйымдастырылады.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен кездесуде мекеме қызметкерлері өлкеде осындай биік, кең, соңғы үлгіде жабдықталған ғимарат салынғаны қуантарлық жағдай екенін жеткізді.

Н.Мағдатов сонымен қатар 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы туралы ақпарат берді. Бағдарлама 5 бағыт бойынша 100 шараны, 19 нақты индикаторды қамтиды.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары