$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2020, 15:41
Жаңалықтар

Отандық вакцинаны алғашқы болып салдырған Білім министрі денсаулық жағдайы туралы айтты

Министр КВИ-ге қарсы қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаны өзіне сынап көрді

Отандық вакцинаны алғашқы болып салдырған Білім министрі денсаулық жағдайы туралы айтты
Фото: ortcom.kz

Коронавирусқа қарсы отандық ғалымдар әзірлеген вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдырған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов денсаулық жағдайы туралы айтып берді. Министр мұндай қадамға отандық ғалымдарды қолдау үшін барған. 

«Ғалымдарымыз керемет вакцина дайындап шығарды. Бұл вакцина өте қысқа мерзімде дайындалды. Мамыр айында дайын болып, клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп біткен соң, бірнеше ғалым өздеріне осы екпені салып, ары қарай олардың анализдерін көріп, екпе бойынша еш қауіп жоқ екеніне көзіміз жетіп отырды. Сондықтан, осы жұмыспен айналысып, күнделікті осы ақпаратты алып жүрген соң, мен де ғалымдарымызды қолдау үшін осы екпені өзіме салдыру туралы шешім қабылдадым», - деді Білім министрі ОКҚ-да өткен брифингте.

Екпеден кейін министрдің дене қызуы көтерілмеген, қайта тиісті антиденелер пайда болған.

«Екпені тамыз айында алдым. Ешқандай дене қызуы, басқа да қиындықтар болған жоқ. Иммунитет бойынша тиісті антиденелер пайда болды. Оны Алматыға барып, зерттеу болып жатқан зертханаға қанымды тапсырғанда көзіміз жетті», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары