Nur Otan партиясы медициналық қызметтің сапасын арттыруға мән береді
Жамбыл облысында партиялықтар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде
Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатығына Жамбыл облысынан кандидат Гүлдара Нұрымова Instagram желісінде тікелей эфир арқылы сайлауалды бағдаламасын түсіндіру мақсатында медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Онлайн кездесуде тараптар сын сағатта тәжірибемен сыналған медициналық қызметтің сапасын одан әрі арттыру мәселесі төңірегінде ой бөлісті.
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сәйкес, өңірде 38 дәрігер шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін оқытылады. Есепті кезеңде өңірде 4 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіледі.
Nur Otan партиясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға, қан айналымы жүйесі ауруларын анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды арттыруға, суицид пен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге басымдық бермек. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім коэффициенті 4,2-дан 4-ке төмендейді.
Сондай-ақ, 2021 жылы «Қарасу» тұрғын алқабында «Денсаулық аллеясы» салынып, аллеяда пандемия кезінде қайтыс болған қызметкерлерге ескерткіш тақталары орнатылмақ.
«Партияның қолдаумен коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы толқынында жүрген ақ халатты абзал жандар айқын сезінді. Дауасыз дертті емдеуге ұмтылып, өздері КВИ-ге шалдыққан сала мамандарына өтемақы төлеу ісін партиялық бақылау комиссиясы жіті бақылауына алды. Нәтижесі баршаңызға белгілі. Ендеше әлеуметтік әділдікке баса мән беріп, дәрігерлердің мәселесіне білек сыбана кірісіп, қашанда ақ халатты абзал жандарды қолдауға әзір Nur Otan партиясына дауыс берейік», – деді Гүлдара Алданышқызы.
Nur Otan партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді