24.12.2020, 09:20
Жаңалықтар
Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 47 адамның жағдайы өте ауыр
Аталған дерттен барлығы 24 мыңнан астам адам емделіп жатыр
Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмониядан емделіп жатқандардың саны 24 126-ға жетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауру жұқтырғандардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 231 адамның жағдайы ауыр;
- 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 754 адамнан коронавирус ПТР-тесті арқылы анықталды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
