Атырауда әйелдер колониясының бұрынғы басшысына үкім шығарылды
Ол бас бостандығынан айыру орнында төрт ай отырады

Сот түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы мен бас бухгалтеріне үкім шығарды. Бұл туралы Атыраудың №2 қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
«Олар 2020 жылдың ақпанында ұсталған. Алдымен сотқа дейінгі тергеу 366-бап «Пара алу» бойынша жүргізілді, бірақ кейін 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағына «Пайда табу мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға» сәйкес қайта қаралды. Сот бас бухгалтер Бименова Сағынғалиеваның серіктесі болғанын, олар 2019 жылы қызметкерлерінен үш миллион теңге сомасында сыйақы мен қосымша төлемдерін жинап, осы ақшаның көп бөлігін иемденгенін анықтады», - деп жазылған ақпаратта.
Екі әйел де мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, қоныс-колониясына екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Сағынғалиеваны әділет майоры шенінен да айырды. Басылым хабарлауынша, сотталушылар тергеу изоляторында 10 ай болған, ал колонияға сотталғандар үшін бір жыл екі жылға есептелгендіктен, олар бас бостандығынан айыру орнында төрт ай отырады.