Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды
Комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді
Қалалық әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі өз инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Қалалық әскери комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді. Бұл мекеменің аумағы әскери міндеттілердің шақыру комиссиясы кезінде қаншалықты тығыз орналасқанын айтпағанда, қызметкерлердің өздері үшін де жеткіліксіз. Сонымен қатар, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі бар. Бүгін қалалық құрама пунктінің (әскери комиссариат) қызметкерлерімен кездесіп, медперсоналмен сөйлестім. Қосымша ғимарат бөлуді тапсырдым», - деп жазды қала әкімі.
Оның айтуынша, бұл еңбек жағдайын едәуір жақсартады. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтар сатып алынады. Осылайша мекеме толығымен жабдықталмақ.