$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2020, 22:53
Жаңалықтар

Академик Қалық Абдуллаев қайтыс болды

Ол 1996-1997 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды

Академик Қалық Абдуллаев қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам және саяси қайраткері, академик Қалық Абдуллаев қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалық Абдуллаев 1942 жылы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Ташкент политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша оқыған. 1981 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Қалық Абдуллаев Шымкент қалалық, Оңтүстік Қазақстан облыстық Халық депутаттары кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Еңбек жолын «Оңтүстікқазэнергоның» аудандық басқармасындағы инженер қызметінен бастаған.

1969 жылы Республика энергетика министрлігінің аппаратына жаңадан ұйымдастырылған диспетчерлік бірлестік басқармасына энергетикалық тәртіп қызметінің бастығы болып жіберілген. 1974 жылы «Оңтүстікқазэнерго» аймақтық басқармасына бас инженер, кейін басқарма бастығы қызметін атқарған.

1982 жылы Қазақ КСР Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 1986-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1995 жылы Қалық Абдуллаевтың іскерлік мол тәжірибесі ескеріліп Республика Президентінің арнайы жарлығымен құрылған ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы болып тағайындалды. 1996-1997 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ал 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы болып еңбек етті.

Серіктес жаңалықтары