1 қаңтардан бастап педагогтарға белгіленген қосымша ақылар өседі

Ақы АЕК көлеміне қатысты белгіленеді

1 қаңтардан бастап педагогтарға белгіленген қосымша ақылар өседі
Фото: ашық дереккөзден

1 қаңтардан бастап педагогтарға белгіленген қосымша ақылар өседі. Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары біршама өсетін болады. «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңге болып белгіленді», - деп жазылған жазбада.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» және «Білім туралы» заңдарында көзделген нормаларға сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары төмендегідей өседі:

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.