Бауыржан Исламханның орнын Бахтиер Зайнутдинов басты

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар үштігінің тізімі өзгерді

Бауыржан Исламханның орнын Бахтиер Зайнутдинов басты
Фотоколлаж

Бауыржан Исламханның орнын Бахтиер Зайнутдинов басты. Бұл туралы Azattyq Rýhy kursiv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қымбат ойыншылардың көш басында бұған дейін Бауыржан Исламхан болған. Алайда оның нарықтағы табысы 600 мың еуроға қысқарған екен.

Қазақстан құрамасы мен «Аль-Айн» БАӘ-нің жартылай қорғаушысының бойынан допинг анықталып, «командадан шығарылуы мүмкін» деген болжам оның табысына кері әсерін тигізген.  

Осылайша, отандық футболистер арасындағы ең қымбат ойыншылардың жоғарғы сатысына мәскеулік ЦСКА клубының атынан өнер көрсететін Бахтиер Зайнутдинов тұрақтады. Қазақстандық әуесқой ойыншының табысы 2 млн еуроны құрайды.

Transfermarkt-тің зерттеуі бойынша ең қымбат қазақстандық футболшылар тізімі мынадай:

  • 1. Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) — 2 млн еуро
  • 2-3. Дмитрий Шомко («Астана») — 1.8 млн еуро
  • 2-3. Бауыржан Исламхан («Аль-Айн») — 1.8 млн еуро
  • 4-7. Исламбек Қуат («Химки») — 1.5 млн еуро
  • 4-7. Стас Покатилов («Кайрат») — 1.5 млн еуро
  • 4-7. Роман Муртазаев («Тобол») — 1.5 млн еуро
  • 4-7. Нуралы Алип («Кайрат») — 1.5 млн еуро
  • 8. Гафуржан Суюмбаев («Кайрат») — 1.3 млн еуро
  • 9-10. Сергей Малый («Тобол») — 1.2 млн еуро
  • 9-10. Абзал Бейсебеков («Астана») — 1.2 млн еуро. 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.