$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2020, 12:21
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері интернет-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ол 30 қарашада ұсталып, 2 желтоқсанда босатылды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері интернет-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері казино ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, экономикалық тергеу департаментінің мамандары 30 қараша күні Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерін интернет-казино ұйымдастырды деген күдікпен ұстап, 2 желтоқсан күні босатқан.

«Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған төтенше жағдайлар қызметкері азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бастап қызмет атқарған», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне байланысты, аталған қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қабылданады. Тіпті, теріс қылығы үшін қызметінен босатылуы мүмкін.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары