Қазақстанға Мысырдан келген жолаушылардың жартысында ПТР-анықтама болмаған
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарларға орналастырылды
9 желтоқсанда Қазақстан аумағына Нидерланд, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1133 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 964 адам, анықтамасыз 169 адам – ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен – 602, анықтамасыз – 29;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен – 258; анықтамасыз – 139;
- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен – 99; анықтамасыз – 1;
- Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантиндік стационарда тест сынамасының нәтижелерін күтуде.
Мысыр елінен Нұр-Сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.