$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2020, 03:49
Жаңалықтар

Коронавирус: Қызылорда облысында аудандық аурухананың 40-қа жуық қызметкері өтемақы ала алмай жүр

Олар аурухана алдына жиналып, наразылық білдірді

Коронавирус: Қызылорда облысында аудандық аурухананың 40-қа жуық қызметкері өтемақы ала алмай жүр
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасында короновирус жұқтырған 40-қа жуық қызметкер өтемақы ала алмай жүр. Олар аурухана алдына жиналып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Аурухана алдына жиналған қызметкерлер арасында дәрігер де, медбике мен санитар да бар. Олардың бәрі корновируспен ауырып шыққан. Өтемақыға қатысты құжаттар қолдарында. Алайда, қаражат әлі төленбеген.

«Таныспен-тамырмен кетті деп айтамын. Өйткені, отпускіде жатып үйінде, больничныйға шықпаған адамдар алып кетті. Екінші толқынға дайындалып жатыр дейді. Ақша төлемейтін болса, Құдай ауыртпай-ақ қойсын», - дейді аурухана медбикесі Айгүл Байқожина.

Ал аурухана басшылығы болса бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар бұйрыққа сай келетін топтағы қызметкерлерге ғана өтемақы төленгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары