$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2019, 11:03
Жаңалықтар

Қазақстандықтар 20,6 мың су жаңа автокөлікті жеңілдікпен сатып алды

120 мыңнан астам ескі көлік жоюға тапсырылған 

Қазақстандықтар 20,6 мың су жаңа автокөлікті жеңілдікпен сатып алды
Фото: kursiv.kz

Соңғы үш жылда екі бағдарлама (құнын төлеу және сертификат) бойынша 121 477 автокөлік жоюға тапсырылды. Сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданды. Табысталған 38 528 сертификатқа Қазақстанда құрастырылған 20 646 автокөлік сатып алынған, деп хабарлады «ӨКМ операторы» ЖШС баспасөз қызметі. 

«Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді», делінген хабарламада.

Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Және де қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфрақұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады. 


Серіктес жаңалықтары