Бірнеше өңірде және Нұр-Сұлтан мектептерінде сабақ тоқтатылды
Өскеменде бүгін термометр бағаны -31 градусқа дейін төмендеді

Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағандыда және Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерде бүгін де сабақ болмайды.
Елордалық Білім басқармасының хабарлауынша, күннің суытуына байланысты 21 қараша күні қаладағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Сонымен қатар, ШҚО Білім басқармасы да өңірде оқушылардың бүгін меткепке бармайтынын хабарлады. Атап айтқанда, Өскеменде ауа температурасы -31 градусқа дейін суытуына байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабақтан босатылды.
Алтайда да 1-11 сынып оқушылары, Семейде 1-9 сынып оқушылары үшін бүгін сабақ жоқ.
Қатты аязға байланысты Қостанайда 0-5 сынып оқушылары, Қарағандыда 0-4 сынып оқушылары, Теміртауда 0-9 сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды.