21 қарашаға ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жел күшейіп, тұман және көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.
Шығыс Қазақстанда да - 25-30 градус болады. Кей жерлерде -33 градус суық.
Қарағанды облысында - 22-27 градус, кей жерлерде -33 градус суық болады.
Түркістан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ал Алматы және Жамбыл облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман болады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан облысында – көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман және көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде тұман болады. Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең бұрқасын болып, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте жауын болуы мүмкін. Күндіз 4-6 градус жылы, түнде 2-4 градус нөлден жоғары.
Синоптиктер Алматыда қар жауатынын хабарлады. Ауа температурасы біртіндеп +1 градустан түнде -5 градусқа дейін төмендейді.
Бейсенбі күні елордада жауын-шашын болмайды. Түске дейін -29 градус, түстен кейін 20 градус суық болады. Кешке қарай -22 болады.