Өскеменде кәмелет жасына толмаған екі қыз іздестіріліп жатыр
Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері 5 желтоқсан күні кетіп қалған

Өскемен қаласындағы жасөспірімдер үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған екі қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Ананьева Арина Максимовна мен Кабанова Виктория Сергеевнаның 5 желтоқсан сағат 19.30 шамасында белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Арина 2003 жылы туған, 3-курс студенті. Бойы 150-155 см, орта денелі, шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстінде қара күрте, қара джинсы және ақ аяқ киім болған. Ал Виктория 2002 жылғы, 2-курс студенті. Бойы 155 см, орта денелі, шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстіне қызыл күрте, көк джинсы мен ақ аяқ киім киіп шыққан», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмаған қыздардың қайда екені белгісіз.