$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 23:17
Жаңалықтар

БҚО-да Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Оралда жексенбі күні автобус жүретін болды

БҚО-да Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Фото: ашық дереккөзден

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«9 желтоқсаннан бастап күшіне енетін қаулыға сәйкес бірқатар шектеу шаралары жеңілдетілді. Атап айтқанда, енді жексенбі және мереке күндері де барлық сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады. Қалада сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік те жүреді», - деп жазылған қаулыда.  

Бұрын халықтың қозғалысына сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін шектеу қойылған еді. Енді сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін қозғалыс шектеледі. Дегенмен ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар, сондай-ақ үйде және адамдар көп жиналатын жерлерде отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Басқа да шектеу шаралары күшінде қалады.

Серіктес жаңалықтары