$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 22:17
Жаңалықтар

Қостанай облысындағы санитарлық бекеттер алынады

Облыста карантин шаралары жеңілдеді

Қостанай облысындағы санитарлық бекеттер алынады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларында санитарлық бекеттер алынды. Бірақ көрші облыстар мен Ресей елімен шекарадағы шектеулер сақтала береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Облыста карантин шаралары жеңілдеді. Бұдан былай қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы сағат кешкі 23:00-ге дейін ұзартылады. Қалалық автобустар мен такси осы уақытқа дейін қатынай алады. Фитнес, аква, термопарк, шипажайлар мен демалыс орындары 30 проценттік межемен жұмыс істейді. Дегенмен бұлардың бәрі демалыс және мереке күндері қызмет көрсете алмайды», - деп жазылған хабарламада.

Тұрғындарға кешкі сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көшеге шығуға әлі де тыйым салынған. Мұндай шектеу 14 желтоқсанға дейін сақталады. Егер эпидахуал күрделенсе, қатаң шектеулер қайта енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары