Ақтөбеде ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, кейін ақталған шенеунік Қаржы министрлігін сотқа берді

Ол 2 млн теңге талап етіп отыр

Ақтөбеде ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, кейін ақталған шенеунік Қаржы министрлігін сотқа берді
фото: instagram.com/aktobe_times/

Ақтөбеде ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, кейін ақталып шыққан шенеунік Жанаргүл Дүйсекенова Қаржы министрлігін сотқа берді, деп жазады «Ақтөбе Таймс».

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғанын айтқан Дүйсекенова аталған министрліктен 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуін талап етіп отыр. Азаматтық іс соңына таяп қалған.

Айта кетейік, Ақтөбе әкімдігінде тұрғын үй бөлімін басқарған Жанаргүл Дүйсекенова 2019 жылдың сәуірінде ұсталған болатын. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Шенеунік бір жылдан астам уақыт тергелді.

Тергеу мәліметтерінде көрсетілгендей, 2015-2018 жылдар аралығында Дүйсекенова азаматтардың сеніміне кіріп, оларға мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп уәде берген. Келтірілген шығын көлемі – 100 млн теңге.

Кейін шенеуніктің достары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің және облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атына хат жазып, араша түсті. Олардың айтуынша, Жанаргүл Дүйсекенова мұндай қылмысты жасамаған.

Сотта Ж.Дүйсекенова ақталып шықты. Ол жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақысын толық көлемде өндіріп алған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.