$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 10:02
Жаңалықтар

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

7 желтоқсанда Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Бірнеше өңірде қар жауып, аяз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстігінде, батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының 0-4 сынып оқушылары тұрақсыз ауа-райына байланысты онлайн оқу форматына ауыстырылды. Елордада ауа температурасы күндіз минус 17-19 градусқа дейін төмендейді. 

Серіктес жаңалықтары