$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 10:37
Жаңалықтар

Интернет қызметтер елордалықтарға не себепті қолжетімсіз болып отыр?

Әлеуметтік желілердегі ақаулар 6 желтоқсаннан басталды  

Интернет қызметтер елордалықтарға не себепті қолжетімсіз болып отыр?
Фото: ашық дереккөзден

Дүйсенбі, 7 желтоқсан күні кейбір интернет-сервистер Нұр-Сұлтан тұрғындарына қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Downdetector сайтына сәйкес, елордада Instagram, Google сервистерінің жұмысында іркілістер туындаған. Тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, Алматы мен Жезқазғанда да осы ресурстардың жұмысында ақау байқалады. Сондай-ақ, YouТube жұмысына қатысты да шағымдар түсіп жатыр. Кейбір астаналықтар Telegram мессенджерін пайдалана алмайды.   

5 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, 6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы туралы хабарлады. Шынында да, сенбі күні 6 желтоқсанда астаналықтар Facebook пен YouTube-қа және басқа сайттар мен әлеуметтік желілерге кіру проблемаларына шағымдана бастады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан   

Серіктес жаңалықтары