ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан мен Тараздағы спорт нысандарына Үшкемпіровтің есімін беру туралы қаулы шықты

Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысындағы спорт нысандарына Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру туралы қаулыларға қол қойды.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» жекпе-жек сарайының атауы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы болып өзгертілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi», - делінген құжат мәтінінде.

Сондай-ақ Үкімет қаулысымен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызында қайтыс болды.