$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2020, 15:32
Жаңалықтар

Қазақстанның көк байрағын балкондарға ілуге рұқсат етілді

Енді көк байрағымызды ғимараттарға, соның ішінде балкондар мен салтанатты іс-шаралар өтетін орындарға ілуге болады

Қазақстанның көк байрағын балкондарға ілуге рұқсат етілді
Фото: ашық дерек көздерден

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына мемлекеттік туды ғимараттардың қасбеттеріне ілуге рұқсат беретін түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулыға сәйкес, ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылған:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлік идеясын білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін».

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, туларды пайдалану ережелерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары