$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 04:25
Жаңалықтар

Шымбұлақта сырғанау жолдары толық іске қосылған жоқ

Курорттың әкімшілігі жасанды қар көлемін көбейтпек

Шымбұлақта сырғанау жолдары толық іске қосылған жоқ

Шымбұлақ тау шаңғы курортыда қысқы маусым ресми түрде 16 қарашадан бастап ашылғанмен, сырғанау жолдары толық іске қосылған жоқ. Бұның басты себебі, таудағы табиғи қар жамылғысының аздығы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Курорт әмшілігі қазіргі уақытта шаңғы тебу трассаларының екінші кезеңін іске асыруға дайындалып жатыр. Бүгінге дейін 160 мың текше метрден астам  жасанды қар жамылғысы жасалған. Бір текше метр жасанды қардың құны 1 доллар көлемінде. 

Курорт аумағында пандемияға байланысты ереже де өзгерген. Келушілердің барлығы міндетті түрде медициналық бетперде тағып, дене қызуын өлшетуі тиіс. Ал аспалы жолдың кабинасына 4 адамнан артық отыруға рұқсат жоқ. Жұрт көп жиналатын аумақтарға әлеуметтік қашықтықты сақтау жөнінде арнайы белгілер қойылған. Қаланың санитарлық бақылаушылары курортқа келетін қонақтар санына да шектеу қойған. Ол 30 пайыздан аспауы тиіс, яғни күніне 2700 адам. 

«Жұмыс таңертең курорт қызметкерлерінің жағдайын тексеруден басталады. Сондай-ақ біздің қызметкерлер келген қонақтарға бетперде тағуды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды міндетті түрде ескертіп отырады. Сондықтан, барлық қонақтардың осы талаптарды қатаң сақтауын ескертеміз. Қонақтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында  Shymbulak биыл билет сатылымының басым бөлігін қызметтің онлайн түріне ауыстырды. Табиғи қар жамылғысы аз болғандықтан жасанды қар көлемін көбейтіп жатырмыз», - деді Шымбұлақ тауы шаңғы курортының Бас директоры Ринат Әбдрахманов. 

Шымбұлақта ең экстремалды аттракциондардың бірі – Gorilla ZipLine ашылды. Енді екі бағананың арасына тартылған 555 метрлік арнайы арқан арқылы сағатына 80 шақырым жылдамдықпен төмен құлдилауға болады. Ал мәре сызығы Медеуге баратын аспалы жол стансасы қасында. Gorilla ZipLine әлемге танымал компаниялардың өнімдерімен жабдықталған. ZipLine-ның мұндай 500-ден аса аттракционы Канада, Норвегия мен БАӘ сияқты бірнеше елдерде ғана бар.

Серіктес жаңалықтары