$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 03:46
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Сергек» камералары тіркеген 268 дерек жойылған

Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 3 миллион теңге

Нұр-Сұлтанда «Сергек» камералары тіркеген 268 дерек жойылған
Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы Жедел басқару орталығының маманы жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлды жүйелі түрде жойып келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық қызметкері «Сергек» камералары тіркеген 268 әкімшілік заң бұзу дерегін жойған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион теңге. Іс сотқа жіберілді. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар «Астана – аймақтық электр желілері компаниясының» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды. Олар электр энергиясының шығыс көрсеткішін азайтып көрсетіп, қаржы жымқырған.

«Астана – аймақтық электр желілері компаниясы» мен электр энергиясын тұтынған коммерциялық ұйымның лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапқа тартылады. Олардың іс-әрекеті Қылмыстық кодекске сай әшкереленді. Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық қайтарылды», - деді ҚР СЖҚІА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула.

Серіктес жаңалықтары